ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі «Рамазанның соңғы түндері» тақырыбына арналмақ.
Ертең, 30 сәуір күні Діни басқарманың @muftiyatkz инстапарақшасында өтетін тікелей эфирде Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы оқырмандар сауалына жауап беріп, оразаның соңғы он күніне орай кеңесімен бөліседі.
Қасиетті Қадір түні жасырылған соңғы он түн – мұсылмандар үшін Рамазан айының ең маңызды кезеңі. Тақырыпқа қатысты сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирде 87172333030 нөміріне хабарласа аласыздар. Сондай-ақ инстапарақшаға direct арқылы да сауал жолдауға мүмкіндік бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.04.2021
3289
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру