Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«АЙТАЙЫҚ ЖАРАПАЗАН ЕЛІМІЗГЕ!» ЭСТАФЕТАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.04.2021 3739 0 пікір
«АЙТАЙЫҚ ЖАРАПАЗАН ЕЛІМІЗГЕ!»  ЭСТАФЕТАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің барлық мекемелері мен тұрғындарына «Айтайық Жарапазан елімізге!» атты эстафета жариялады.

Жарапазан эстафетасына үн қосамын деуші жамағат карантин талаптарын сақтай отырып игі бастаманы жалғастыра алады. Жарапазан жырын қысқаша видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге #Рамазан2021 хештегімен белгілеп, жариялау керек.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айын сүйіншілеу, игі дәстүрімізді жалпы жұртқа насихаттау мақсатында қолға алынып отырған Жарапазан эстафетасын жалғауға сіз де үлес қосыңыз. Ұлттық құндылығымыз – Жарапазанды бірге дәріптейік! 

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру