Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН» – ҰЛТТЫҚ АРНА ЭФИРІНДЕ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.04.2021 4162 0 пікір
«ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН» – ҰЛТТЫҚ АРНА ЭФИРІНДЕ

Он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазанның басталуына орай бүгіннен бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнадан Діни басқарма мен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының бірлескен жобасы – «Ораза қабыл болсын!» хабары биыл да эфирге шығады.

Естеріңізде болса, былтыр бұл хабар алғаш рет көрерменге жол тартқан еді. Хабарға Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының ресми өкілдері мен дін саласының өзге де мамандары қатысып, Рамазан айын өткізу тәртібіне қатысты ел тұрғындарының сауалына жауап берген болатын. Алла қаласа, биыл да бұл үрдіс жалғаспақ.

Биылғы бағдарламаның да алғашқы қонағы – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Тікелей эфир нөмірі:  8 (7172) 75 70 77. Сонымен қатар @oraza_kabyl_bolsyn Instagram парақшасы арқылы да сауалдар қабылданады.

Айта кетейік, «Ораза қабыл болсын!» хабары бүгін сағат 21:20-да, ал ертеңнен бастап жұмыс күндері 17:20-да эфирге шығады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру