Мінеки, сағындырған қасиетті Рамазан айының басталуына да санаулы күндер қалды. Биыл да карантин жағдайына байланысты Рамазан айында өзгешеліктер болғалы тұр.
Былтыр мешіттерде ауызашарлар жасалмай, тарауық намазы оқылмағаны белгілі. Ал биыл қалай болмақ? Пітір садақасын қалай төлеуге болады? Осы және өзге де оразаға қатысты сауалдарыңыз болса, мархабат!
11 сәуір күні 20:00-де ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, исламтанушы-ғалымдар мен білікті мамандар сіздер қойған сұрақтарға жауап береді. «Рамазан айына дайындық» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн кездесуді Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасынан және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сауалдарды алдын ала direct-ке жолдауға мүмкіндік бар.
Сұраңыздар, жауап береміз! Келе жатқан Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
09.04.2021
4503
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру