Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПІТІР САДАҚАСЫН ОНЛАЙН БЕРУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛЫ ҰСЫНЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 08.04.2021 883 0 пікір
ПІТІР САДАҚАСЫН ОНЛАЙН БЕРУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛЫ ҰСЫНЫЛДЫ (ФОТО)

Бұл туралы елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Бас мүфти ҚМДБ Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізуді жалғастыратынын, Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылатынын хабарлады.

«Біз Рамазанда бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір кешінің, ұлық мейрам – Ораза айттың онлайн бағдарламасын дайындап қойдық. Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз қазіргі жағдайды ескеріп, өткен жылы жүзеге асырған жобамыз бойынша пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын тағы ұсынып отырмыз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі