Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАСАН АМАНҚҰЛ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.03.2021 2846 0 пікір
ХАСАН АМАНҚҰЛ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ (ФОТО)

Алдағы дүйсенбі, 15 наурыз күні қасиетті Шағбан айы басталады. Айлардың сұлтаны Рамазанды сүйіншілейтін Шағбан айына орай ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында арнайы тікелей эфир ұйымдастырылды.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасында қонақ болып, @muftiyatkz Instagram парақшасы оқырмандарының сауалдарына жауап берді.

Call-орталықтың 8 71 72 33 30 30 нөміріне хабарласып және әлеуметтік желі арқылы оқырмандар Шағбан айына, Бараат түні, намаз, ораза және отбасы мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру