Жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ресми түрде жұмысын бастаған болатын. Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іске қосылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлерімен алғашқы басқосу жиынын өткізді.
Жиынға «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев, «Aqmeshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов және қаладағы 12 мешіт бойынша жерлеу және жаназа рәсімдеріне жауапты діни қызметкерлер қатысты. Жиын барысында Камалжан Тұрдыбаев орталық жұмыс бағытымен таныстырып, ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті» құжатына сай жерлеу тәртібін түсіндірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
26.02.2021
2987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру