Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЫҚЫЛАС» РАДИОХАБАРЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАҢЫЗ!

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.02.2021 2338 0 пікір
«ЫҚЫЛАС» РАДИОХАБАРЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАҢЫЗ!

Ғасырлық тарихы бар «Қазақ радиосы» мен ҚМДБ «Muftyat» медиа орталығының бірлескен жобасы «Ықылас» радиохабары әр аптаның жұма күнінде әуе толқынында беріліп келеді.

Жуырда журналист Ерболат Айтбайұлы жүргізетін хабардың теленұсқасы дайындалып, «Халық арна» арқылы көрермендерге жол тартты. Радиохабардың теленұсқасын әр аптаның сәрсенбі-бейсенбі күндері тамашалауға мүмкіндік бар.

Ал ертең тікелей әуе толқынында ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Ата-ананың қадірі» тақырыбында әңгіме өрбітеді. Тағылым мен насихатқа толы хабарды ертең, сағат 10:10-да «Қазақ радиосынан» тыңдай аласыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру