Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ТОЛЫҚ БОЛ, ЕЛДЕН БӨЛЕК» ОФФЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.02.2021 2807 0 пікір
«ТОЛЫҚ БОЛ, ЕЛДЕН БӨЛЕК» ОФФЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі және Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Діни басқарма ғимаратындағы «Абай» кітапханасында «Толық бол, елден бөлек» атты «Зейін» оқырмандар клубының оффлайн кездесуі өтті.

Кітап апталығы аясында өткен кездесуде «Толық адам һәм 4 даму» жобасының авторы, ағылшын тілі маманы Ернат Мелсұлы қатысып, салиқалы сұхбат өрбітті.

Іс-шараға сондай-ақ ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Әділет Көпен, «Астана» медресе-колледжінің шәкірттері мен жастар қатысты.

Жүздесу соңында кеш қонағы Ернат Мелсұлы мұқтаж отбасыларға тарату үшін өзінің «Тіл сындыру» кітабының 100 данасын және Асан Омаровтың кітаптарын Діни басқармаға сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру