Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.02.2021 3273 0 пікір
БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

Ертең, 19 ақпан күні сағат 11:00-де «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті қонағы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Мансұров тікелей эфирде оқырман сауалдарына жауап береді.

Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz ресми парақшасы арқылы өтетін тікелей эфирде «Кітап апталығына» орай оқырмандар кітап туралы сауалдарын жолдай алады. Сондай-ақ исламтанушы-ғалым Батыржан Берденұлына діни ақпарат беру орталығының 8 7172 33 30 30 нөміріне хабарласып, тікелей тілдесуге мүмкіндік бар.
Көкейіңізде жүрген кітап оқуға қатысты және өзге де діни сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирді өткізіп алмаңыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру