«Call-орталықтағы сұрақ-жауап» биыл да жалғасады. Ертең, сағат 11:00-де ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы-ғалым, Смайыл Сейтбеков тікелей эфирде оқырман сауалына жауап береді.
Діни ақпарат беру орталығында өтетін эфир барысында оқырман қауым «Матуриди апталығына» орай Имам Әбу Мансұр әл-Матуридидің өмірі мен еңбек жолы, мәзһабына қатысты сұрақтар қоя алады.
Сондай-ақ 13 ақпан қасиетті Ережеп айының басталуына орай оған да қатысты сауалдарды телефон арқылы немесе Instagram парақшамызға эфир кезінде қоюға мүмкіндік бар. Діни ақпарат беру орталығының байланыс нөмірі – 8 71 72 33 30 30, Мүфтияттың Instagram парақшасы – @muftiyatkz.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
11.02.2021
3290
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру