Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАРҚЫНЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.02.2021 3647 0 пікір
ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАРҚЫНЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөліміне қарасты Жастар ісі секторы қаңтар айында республика бойынша көптеген іс-шараларға ұйытқы болды.

Мәселен сектордың өңірлердегі жауапты мамандарының атсалысуымен насихат бағыты бойынша 180 іс-шара ұйымдастырылса, сауаттылық бағытында 120 игі шара жүзеге асты. Сонымен қатар қоғамдық бағыт бойынша 82, ал спорттық бағытта 54 іс шара ұйымдастырылды.

Одан бөлек өткен айда онлайн форматта «Кәлимә шәһәдәт» тақырыбында жастарға насихат айтылса, ҚМДБ жанынан жарық көрген «Зияткер имам» құжаты жас шәкірттерге, имам-молдаларға таныстырылды. Елдегі карантин жағдайына байланысты ZOOM арқылы аудандық, қалалық Жастар ісі секторы жауаптыларымен онлайн-кездесу өтіп, 2021 жылға жоспар құрылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру