Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

halaldamu.kz 22.01.2021 912 0 пікір
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өзбекстанға арнайы іссапармен келген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Халықаралық байланыстар және халал стандарт бөлімінің басшысы Мухаммад-Акмолхан Шакировпен кездесіп, тәжірибе алмасты.

Жиынға «Халал Дамудың» бас технологы Айжан Омарова мен Өзбекстандағы халал саласында қызмет ететін мамандар қатысты. Басқосуда күллі мұсылманға ортақ халал мәселесін халыққа насихаттау, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал өнім өндіруші кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандарды оқыту, білімін жетілдіру, тұтынушылар арасында «халал» таңбасына деген сенімділікті қалыптастыру т.б. мәселелер талқыланды.

«Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы туыстас әрі діндес бауыры. Қазақ-өзбек – бағзы заманнан бауырлас ел. Бізді біріктіретін құндылықтар көп. Біздің халқымызда «Көршіні Құдай қосады, досты таңдайсың» деген сөз бар. Бізді ортақ тарихи тағдырымыз, туыстас тіліміз, дініміз бен мәдени құндылықтарымыз біріктіреді. Алланың бекіткен халал асын халыққа насихаттау, халал индустриясы саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру сынды ортақ келісімдерді жандандыру» деп атап өтті Айбек Асқарбекұлы.

Сонымен қатар ӨМДБ Халықаралық байланыстар және халал стандарт бөлімінің басшысы қазақстандық тарапқа екіжақты байланыстардың нығаюына жәрдемдесіп, кәсіпорындар жұмысын жандандырып, халыққа халал өнім ұсынуға атсалысқаны үшін «Халал Дамуға» мекемесіне ризашылығын білдіріп, батасын берді.

WhatsApp Image 2021-01-21 at 14.55.04.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-21 at 14.57.26.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-21 at 14.55.23.jpeg

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі