Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ «ШАЛҚАР» РАДИОСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.12.2020 3988 0 пікір
БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ «ШАЛҚАР» РАДИОСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің мүшесі Батыржан Мансұров «Шалқар» радиосының «Отанды сүю» хабарына сұхбат берді.

Тікелей эфирде өткен сұхбат барысында Б.Мансұров 10 желтоқсан күні елордада өткен имамдардың IV республикалық онлайн форумы жөнінде айта келе, оның маңызына тоқталып, қабылданған құжаттармен таныстырды.

«Имамдардың республикалық форумы Діни басқарманың құрылғанына 30 жыл толуына орай елдегі пандемия жағдайына байланысты жартылай онлайн, жартылай офлайн өтті. Форумға облыстардың бас имамдары ғана қатысып, мыңнан астам имам онлайн режимде қосылды. Ал форумның жылдағыдан ерекшелігі Елбасының құттықтау сәлемін Мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев жеткізіп әрі өзі де жүрекжарды лебізін білдірсе, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бейнеқұттықтауына куә болдық. Осылайша сала мамандарының, имамдардың мәртебесі бір көтеріліп қалды» деді Б.Мансұров.

Сұхбатты толығырақ «Хикмет» студиясының YouTube арнасынан тыңдай аласыздар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру