Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

MUFTYAT БАСПАСЫНАН «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі azan.kz 23.11.2020 1124 0 пікір
MUFTYAT БАСПАСЫНАН «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

ҚМДБ-ға қарасты MUFTYAT баспасы «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты кітапты жарыққа шығарды.

Бұл еңбек – ғұлама Хафиз Мұғалтай ибн Қылыш Ханафидің «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты кітабының аудармасы. Кітапты өңдеп, ғылыми сілтемелер берген Мұхаммед Низамуддин Футаийх. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған – Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбәрак университетінің ұстазы, белгілі ғалым Бауыржан Әлиұлы және Алматы қаласы «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре. Еңбекті қазақ тіліне аударған – исламтанушы Ержан Досқалиұлы.

Кітапта Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры мен тәлімгерлік тағылымы баяндалған. Кітап рухани кемелдікті іздеген барша оқырман қауымға арналған.

Жинақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жүргізілген сараптаманың оң қорытындысын алған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі