Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҮФТИЯТ МӘУЛІТ КҮНІНЕ ОРАЙ ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.10.2020 4393 0 пікір
МҮФТИЯТ МӘУЛІТ КҮНІНЕ ОРАЙ ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

Елдегі пандемия жағдайына байланысты биылғы Мәуліт кеші де үлкен залда өтпейді. Әйтсе де Діни басқарма көппен бірге ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар айтып, сәлем жолдау үшін онлайн бағдарлама ұйымдастырмақ.

29 қазан, һижри күнтізбесі бойынша рабиғул әууәл айының 12-сі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан күніне орай «Адамзаттың ардақтысы әз Мұхаммед» атты онлайн Мәуліт кеші өтеді.

Тікелей эфирде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен насихат айтылып, танымдық бейнероликтер ұсынылады. Сондай-ақ Бәрзәнжи мәуліті оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылады.

Онлайн Мәуліт кеші «Хикмет студиясының» YouTube-арнасынан, «Халық Арна» телеарнасынан 29 қазан күні елорда уақытымен 18:30-да көрсетіледі. Сондай-ақ Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz ресми парақшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру