Діни басқарманың Орталық аппаратында еліміздегі медресе-колледж директорлары және орынбасарларының қатысуымен өткен жиында бірқатар ұстаздар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
Еліміздің 9 медресесінде жемісті еңбек етіп жатқан оқытушыларға Бас мүфтидің алғыс хатын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков табыстады. Олардың қатарында 20 жылдан бері шәкірт тәрбиелеумен айналысып келе жатқан «Сарығаш» медресе-колледжінің арнайы пән оқытушысы Еркін Мұсырманұлы мен оқу ісінің меңгерушісі Шынарай Сүйіндікқызы сынды тәжірибелі ұстаздар, сондай-ақ, Тамирлан Ибраев, Изатулла Наурзалиев, Наркез Боханов секілді жас мамандар да бар.
Айта кетейік, ҚМДБ Орталық аппаратында іс-қағаздарды бірыңғай жүргізу және модулдік оқыту технологиясына көшуде оқу-әдістемелік құралдарды бірізділікке түсіру жөніндегі медресе директорлары және орынбасарларының жиыны өткен болатын.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.09.2020
4194
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру