Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛАЛ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.09.2020 2826 0 пікір
ХАЛАЛ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Бүгін ҚМДБ-ның Діни ақпарат беру орталығында «Call-орталықтағы сұрақ жауап» айдарының кезекті эфирі өтті.

ҚМДБ-ның Instagram-дағы парақшасында өткен тікелей эфирде «Халал даму» директоры Айбек Аташев қонақ болып, оқырман қауымның сұрақтарына жауап берді. Бүгінгі эфир «Еңбек апталығына» орай «Халал ас – арқауың» тақырыбына арналды. Сауалдарға алғашында телефон арқылы жауап берілсе, кейін тікелей эфирге келген пікірлерге кезек ұсынылды.

Бір сағат ішінде халал тақырыбына қатысты толассыз келген сұрақтарға Айбек Асқарбекұлы тұшымды жауап беріп, нақты ақпараттармен бөлісіп отырды. Мәселен, «Халал маркеттер ашу жоспарда бар ма?» деген әлеуметтік желі қолданушысының сауалына А.Асқарбекұлы:

«Халал өнімдердің бір орталықта сатылуы бүгінде көпшіліктің сұранысына ие болып отыр. Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен аталмыш орындарды ашу жоспарға енгізіліп, күн тәртібіне қойылды. Бұл өз кезегінде асының адалдығына баса мән беретін тұтынушылар үшін игі бастама болмақ» деп жауап берді.

Оқырман сұрақтарының дені күнделікті тұтынатын тағам өнімдері және тұрмыстық заттарға қатысты болуының өзі көпшіліктің халал мен харам мәселесіне бей-жай қарамайтынын, бұл тақырыптың қазіргі таңда қаншалықты өзекті екенін анық аңғартты. Шұжық, ет өнімдерінен басталған сұрақтар легі сары май, дәрі-дәрмек, тіс пастасына дейін жалғасып, сағыз, энергетикалық сусындар, спорттық тағамдар төңірегінде тәмамдалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру