Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ САУАПТЫ ІСТЕРДЕН ТЫС ҚАЛМАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.09.2020 748 0 пікір
ҚМДБ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ САУАПТЫ ІСТЕРДЕН ТЫС ҚАЛМАДЫ

Халқымызда «Әйел – әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Сол айтқандай, қазіргідей қиын-қыстау уақытта ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторы да қапыда қалмай, еліміздің өркендеп дамуына, халқымызға әлеуметтік, рухани, оқу-ағарту бағыттары бойынша көмектесіп көптеген игі істерді атқарып келеді.

«Биылғы жыл наурыз айынан бастап елімізде карантин режимі жарияланып, біршама қиындықтарды бастан өткергеніміз өздеріңізге аян. Дегенменде біздің әйел ұстаздар мен мешіт жамағаттары осындай сын-қатерлі кезде мойымай қиыншылықтарды еңсеруге елеулі үлес қосып жатқанын жеткізгіміз келеді.

Атап айтсақ, ұстаздар жамағатпен соңғы екі айда Құранды қашықтан оқып, 1141 рет хатым етіп, жұқпалы індеттің таралмауын Алладан сұрап, жақсылыққа қауышып, науқастанғандарға Жаратушыдан шипа тілеп дұғада болды» дейді ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақбөпе Тілегенова.

Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен карантин кезінде онлайн режимде күнделікті жүйелі түрде ақида, фиқһ, отбасы ғылымхалы, сахаба әйелдер, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы бақыт және т.б. тақырыптарда 17 306 адамға уағыз айтылған.

Көп азаматтар жұмыстан ақысыз еңбек демалысына шығып, материалдық жағынан қиналып қалғаны рас. Осыған орай, әйел ұстаздар қайырымдылық бойынша 4 216 000 теңгеге азық-түлікпен және қаржылай мұқтаж жандарға көмек ретінде үлестірді. Ауруханаға 186 000 теңгеге бір ИВЛ аппараты сатып алынып, сыйға берілді.

ҚМДБ-ның «Мектепке жол» акциясы аясында оқу орындары биыл онлайн оқу жүйесіне өткендіктен 10 оқушыға ұялы смартфоны, 85 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер тарту етілді.

Қазақтың аяулы қызы, қайырымды жан, Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының атынан жасалған қайырымдылық шарасында 300 отбасының тізімі жасалып, сөмкелер еріктілер арқылы таратылды.

Сонымен қатар, карантин уақытында бетпердемен (маска) жүру, санитарлық талаптарды сақтау індеттің алдын алуда өте маңызды екендігі мәлім. Осы орайда ұстаздар өз қолдарымен бетперде тігіп, 4000 адамға тегін таратты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі