Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНТТЫ (ФОТО)

muslim.kz 31.08.2020 3921 0 пікір
ҚМДБ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен іске асатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына ҚМДБ Әйел-қыздар секторы да үн қосты.

Ұйымдастырушылар республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаж отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына аса қажетті планшеттерді сыйлады.

Санитарлық талаптарға сай өткен қайырымдылық акциясына саны шектеулі отбасылар ғана қатысса, қалған планшеттерді әйел ұстаздар мұқтаж отбасыларға жеткізіп берді.

Айта кетсек, бүгіннен бастап еліміздегі мешіттер жамағатқа өз есігін айқара ашты. Құлшылық орындары бекітілген санитарлық нормалар негізінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі де «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, 238 оқушыны қуантқан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру