Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 06.07.2020 4342 0 пікір
ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСАДЫ

Елде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты наурыз айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имам-ұстаздардың онлайн дәрістерін өткізуді қолға алған болатын. Екі апталық карантин жағдайына байланысты онлайн дәрістер бүгіннен бастап тағы жалғасады.

Бүгін кеште онлайн дәрістер жүргізуді «Пайғамбарлар тарихы» тақырыбы бойынша ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров бастайды.

Одан ары «Ислам тарихы» тақырыбы бойынша ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков (сейсенбі), «Фиқһ дәрістер» тақырыбы бойынша ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов (сәрсенбі), «Хадистер» тақырыбы бойынша ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров (бейсенбі), «Ислам әдебі» тақырыбы бойынша ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов (жұма), сұрақ-жауаптар форматында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов (сенбі) және «Отбасы ғылымхалы» тақырыбы бойынша ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев жалғайды.

Онлайн дәрістер күн сайын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 21.00-де ҚМДБ-ның Инстаграмдағы @Muftiyatkz парақшасы арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тікелей эфирде ҚМДБ имамдары, ұстаздары және белгілі ғалымдарының журналист Еркін Шәкірұлымен «Рухани еркін әңгімесін» Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де тамашалай аласыздар.

Естеріңізде болса, парақшамыздағы онлайн сұхбат Рамазан айында тұрақты түрде күн сайын өткен болатын.  Рухани әңгіме шертетін бағдарламаның бүгінгі қонағы – ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, көпке белгілі исламтанушы Бауыржан Әлиұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру