Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ ОМДБ ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.05.2020 2769 0 пікір
РЕСЕЙ ОМДБ ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресейдің Орталық мұсылмандар діни басқармасының (ЦДУМ) төрағасы, Бас мүфти Талғат Сафа Таджуддин ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады. 

«Сізді және барша Қазақстандағы мұсылман бауырларды Қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және ұлық болған Ораза Айт мейрамымен құттықтаймын! Осы Рамазан айында денімізді сау, оразамызды түгел ұстауға мүмкіндік берген Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Біз Алланың шексіз мейірім-махаббатының арқасында әлемді жайлаған коронвирусқа қарамастан отыз күн оразамызды шын ықыласпен ұстап шықтық. Сондықтан болар осы Қасиетті айдағы ұстаған ораза бізді Аллаға тағы да жақындата түсті.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды» дейді. Біз дәл осы рақым, мейірім айында көбірек дұға етеміз. Алла Тағала екі елдің арасындағы мұсылман бауырлардың ынтымағын жарастырып, көрші елдің татулығын тереңдете түссін. Осынау Қасиетті күндері жасалған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Айт мүбарак болсын!» делінген құттықтау хатында. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру