Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҮГІН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛА МА? (ВИДЕО)

«Хикмет» студиясы muftyat.kz 24.05.2020 5782 0 пікір

Ислам дінінде кез келген мереке ғибадатпен бастау алады. Шариғатымыз бойынша айт намазын жамағатпен оқу – уәжіп. Алайда, биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен өткізілмейді. Бұл туралы бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми мәлімдемесі жарияланған болатын.

Сондай-ақ, Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес. Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал.

Назарларыңызға сәске уақытындағы дұха намазының оқылу үлгісін ұсынып отырмыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру