Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада «Зекет» қоры 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратты

ҚМДБ «Зекет» қорының баспасөз қызметі zeket.online 22.05.2020 285 0 пікір
Елордада «Зекет» қоры 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-на қарасты «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық керуені бастау алғаны мәлім.

Осымен үшінші рет елордада бұл ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға 88 қорап азық-түлік, 4 қорап иіс сабын және 8 қорап тәтті кәмпиттер де үлестірілді.

Айта кетсек, жалпы республика бойынша әр өңірдегі Зекет өкілі мен өкіл имам жергілікті халыққа азық-түлік, бетперде, көкөністер таратуда.

«Осындай қиын сәтте мұқтаждарға қол ұшын созуға әзір тұратын дін қызметкерлеріне, ат салысқан барлық қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жамағат пен еріктілерге «Зекет» қоры атынан үлкен алғысымызды білдіреміз! Алла сіздерден разы болсын!» дейді «Зекет» қорының өкілдері.

Сонымен қатар, Рамазанның әр күнінде республика бойынша қайырымдылық істер жалғасын табуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі