Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖДЕ – ЖАҢА БАСШЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2020 7203 0 пікір
МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖДЕ – ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков «Астана» медресе-колледжінде болды.

Смайыл Сейітбеков оқу ордасы ұжымына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Астана» медресе-колледжінің директоры болып тағайындалған Бақтыбай қажы Бейсенбаевты таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов медресе-колледжді аралап, оқу орнының төтенше жағдайдан кейінгі жұмыс барысын талқылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру