Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚМДБ "Зекет" қоры zeket.online 29.04.2020 4275 0 пікір
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Алматы қаласында «Зекет» қоры қызметкерлері қасиетті Рамазан айында «Жүрек жылуы» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлады.

Барлық сақтық шараларын сақтай отыра 100 отбасыға таратылған азық-түлік себетінде күнделікті қажетті азық-түлік түрлері бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-на қарасты «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық керуені бастау алғаны мәлім.

Айта кетсек, жалпы республика бойынша әр өңірдегі Зекет өкілі мен өкіл имам жергілікті халыққа азық-түлік, бетперде, көкөністер таратуда.

«Осындай қиын сәтте мұқтаждарға қол ұшын созуға әзір тұратын Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Керімбекұлына, ат салысқан барлық мешіт қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жамағат пен еріктілерге «Зекет» қоры атынан үлкен алғысымызды білдіреміз! Алла сіздерден разы болсын!» дейді «Зекет» қорының өкілдері.

Алдағы уақытта Рамазанның әр күнінде республика бойынша қайырымдылық істер жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру