Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ 5 МЫҢ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 14.04.2020 5526 0 пікір
ДІНИ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ 5 МЫҢ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппараты жанынан ашылған Діни ақпарат орталығы (call-center) 5 мыңға жуық сұраққа жауап берді.

Тәулік бойына жұмыс істейтін call-орталықтың, 33-30-30 нөміріне күніне шамамен 30 қоңырау шалынып, күні бүгінге дейін 468 сұрақ келсе, WhatsApp желісіндегі мессенджерге күніне 300-ге жуық, жалпы алғанда 4760 сұрақ келіп түскен.

Орталық мамандарының айтуынша, сауалдардың 60 пайызы құлшылық-ғибадат, 30 пайызы отбасы мәселесіне қатысты болса, 5 пайызы жат ағымдар жөнінде қойылған. Ал қалған 5 пайызы алуан түрлі тақырыптар бойынша қойылған.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы ашылған болатын. Сұрақтар туындаған жағдайда Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру