Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 22-30 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 09.04.2020 3630 0 пікір
ҚМДБ: 22-30 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде төтенше жағдай орын алған уақыттан бастап республикалық «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын бастауды қолға алды.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – еліміздегі жұқпалы дерттің алдын алу үшін енгізілген карантин кезінде көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта осы үрдісті ҚМДБ-ның барлық  аймақтардағы имамдары жалғастырып, мұқтаж жандарға қолұшын беруде.

 ҚМДБ бастамасымен 2020 жылдың 22-30 наурыз аралығында барлығы 5 754 мұқтаж отбасыларға қажетті азық-түлік және жалпы халыққа 11 326 дана медициналық маска тегін таратылды. Осы шараларға мешіттер арқылы қайырымды жандардың 20 млн 312 мың 761 теңгесі жұмсалды.

Айта кетерлігі көрсетілген қайырымдылық көмектерді мұқтаж отбасыларға жеткізуге қатысқан барлық Мүфтият қызметкерлерінің  республика бойынша енгізілген төтенше жағдай және қабылданып жатқан карантиндік шаралар барысында жүріп тұру заңдық ережелерін сақтау үшін арнайы рұқсатнамалары бар. 

Сонымен қатар, қайырымдылық шараларды ұйымдастырушы ҚМДБ қызметкерлерінің басым көпшілігі жергілікті жерлерде ерікті ретінде тіркеліп рәсімделген.

Осы қайырымдылық істердің бастамашысы болған еліміздің бас мүфтиі, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының өзі ерікті болып Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ өкілдігі ұйымдастыруымен  құрамында 30 өкілдік қызметкерлері бар «Шарапат» еріктілер тобы белсенді жұмыстар жүргізу үстінде.  

Қайырымдылық көмектер Алматы және Өскемен қалаларында карантин жұмыстарын үйлестіру орталығының арнайы рұқсатнамасы арқылы таратылды.

 

ҚМДБ АЙМАҚТАРДАҒЫ ӨКІЛДІКТЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің апталық есебі: 129 отбасыға қажетті азық-түлік, медициналық маска таратылды. Жұмсалған қаржы – 1 млн 325 мың теңге.

Ақмола облысы 7500 адамға бетперде, 200 отбасына азық-түлік таратты.

Алматы қаласында 1040 отбасыға азық-түлік, 1700 адамға медициналық маска таратылды.  Жұмсалған қаражат көлемі – 2 млн 375 мың теңге 

Алматы аймағы 100 отбасы мен 340 адамның қажетін қамтамасыз етті. Жұмсалған шығын – 1 млн 240 мың теңге.

Түркістан өкілдігі барлығы 297 отбасыға көмек берді. Бөлінген қаржы – 1 млн 137 500 теңге.

Шымкент қаласы 75 отбасының қажетін өтеді. Жұмсалған қаржы – 560 мың теңге

Ақтөбе облысы 30 адамға азық-түлік, медициналық маска таратты. Жұмсалған қаражат – 40 мың теңге

Қызылорда облысы 200 отбасыға  азық-түлік, медициналық маска жеткізді. Жұмсалған қаражат – 445 500 теңге.

Маңғыстау облысы 20 көпбалалы отбасына азық-түлік пен медициналық маска таратты. Жұмсалған қаражат – 140 мың теңге.

Павлодар облысы 250 отбасыға жәрдем берді. Жұмсалған қаржы – 505 мың теңге.

Талдықорған аймағы 181 адамға медициналық маска, түрлі тағамдар таратты. Жұмсалған қаржы көлемі – 881 мың теңге.

Батыс Қазақстан облысында 72 отбасыға қажетті заттар берілді. Жұмсалған шығын – 309 600 теңге.

Атырау облысының өкілдігі 575 отбасына азық-түлік пен медициналық маска таратты. Жұмсалған қаражат – 1 млн 376 мың теңге.

Қостанай облысы 1090 адамға қажетті азық-түлік жеткізді. Жұмсалған қаражат – 2 млн 660 321 теңге.

Семей өңірі 663 адамға жәрдем берді. Жұмсалған қаржы – 694 мың теңге.

Өскемен өкілдігі 163 адамға көмек көрсетті. Жұмсалған қаражат – 1 млн 238 мың теңге.

Жамбыл облысы 355 отбасыға медициналық маска, дәрі-дәрмек, азық-түлік әперді. Бөлінген қаржы – 4 млн 074 090 теңге.

Қарағанды облысы 18 отбасыға өз көмегін берді. Жұмсалған ақша – 225 мың теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігі 296 отбасының керегін алып берді. Жұмсалған қаражат көлемі – 1 млн 086 750 теңге.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру