Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: ЖАНТ мүшелері аудандарда болды

04.02.2020 2616 0 пікір
ШҚО: ЖАНТ мүшелері аудандарда болды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Аслан Абаков бастаған ЖАНТ құрамы өңірде бірқатар аудандарда болып, халықпен кездесулер ұйымдастырды.

ЖАНТ құрамындағы имамдар Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінде ауданның жамағаттарымен кездесті.

Кездесуге жиналғандарға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев жат ағымдар тарихынан сындарлы уағыз айтты. Наиб имам:

«Кері ағымдардан сақтану және таралуының алдын алу басты міндетіміз. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы біз жат ағымдарға тосқауыл қоя аламыз. Сондықтан салт-дәстүрді насихаттаудың маңызы айырықша» дей келе, ол адамгершілік пен имандылық қағидалары туралы жақсы мысалдар келтіре отырып, насихат айтты.

Жиында жамағаттар да өздері байыбына бара алмай жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Сонымен қатар «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы Айболат Сейіт Қатонқарағай ауданы «Қабдығали ата» мешітінде халықпен дидарласты. Кездесуде ЖАНТ мүшелері ақпараттық түсіндіру аясында жасалып жатқан кездесудің маңызына тоқталып, діни алауыздыққа қарсы тұру және дәстүрлі исламның құндылығынынан тағылымды насихат айтып, жамағаттың сауалдарына жауап берді.

Өңірде жоспарланған ЖАНТ кездесулері жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру