Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Рухани жастар» қанатының кезекті жиыны өтті

muslim.kz 03.02.2020 3211 0 пікір
«Рухани жастар» қанатының кезекті жиыны өтті

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі «Рухани жастар» қанатының кезекті кездесу жиналысы өтті.

Басқосуға дизайнер Сымбатбек Дәрігерхан арнайы қатысты. Жас маман – бүгінде графикалық дизайн өнерінің майталманы әрі «Рухани жастар» қанаты логотипінің авторы.

Оның бүгінде тұтынушылары мен белгілі аудиториясы бар. Әрі бірнеше ірі кәсіпорынмен тығыз жұмыс істейді. Сымбатбек жиналған қауымға брендинг, нетворкинг мәселелері төңірегінде тұшымды ойлар айтып, өз білімін бөлісті.

Сондай-ақ инстаграм желісінде ұлағатты сөздерге үздік пікір жазғаны үшін «Ең үздік пікір»  номинациясы берілді. Бұл номинацияға «Рухани жастар» қанатының мүшесі Нұрлыбай Алтаев лайықты деп танылып, әлеуметтік желіде белсенділік танытқаны үшін арнайы сыйлық табысталды.

Жиын соңында ұйымның болашақ жұмыстары талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру