Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ның бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызының қатысуымен «Халал өнімдер технологиясы» тақырыбында семинар өтті.
«Инабат» қыздар клубының ұйымдастыруымен өткізілген семинарға мешіттің әйел жамағаты, ұстаздар қатысты. Жиында ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң атқарып жатқан қызметі, стандарттары, мекемелерді сертификаттауда қойылатын талаптары, тексеріс жүргізуі жөнінде қысқаша таныстырылып, халал және харам турасында жалпы ақпарат берілді.
Халал өнімдер технологиясындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктер, шариғат талаптарына сай өнім өндіру мен тұтынудың өміріміз бен құлшылығымызға тигізер пайдасы жөнінде айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі
25.01.2020
3311
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру