Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-30: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН ЖЕТКЕН ҚҰТТЫҚТАУ

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 17.01.2020 3891 0 пікір
ҚМДБ-30: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН ЖЕТКЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл. Мерейлі датаға орай муфтиятқа алыс-жақыннан құттықтаулар келуде. Сондай тілек хаттың бірі Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атына Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасынан келді.

«Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде діннің рөлі айтарлықтай өсіп, азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Осы орайда еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ бірлігін сақтауда және рухани құндылықты дәріптеуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орасан қызмет атқарып отырғанын атап өту керек.

Сан ұрпақ аңсап өткен, бүгінгі біз жеткен аса қымбат әрі қастерлі тәуелсіздік жолында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әрдайым жарқын жетістіктердің бола беруіне тілектестік білдіремін» дейді құттықтау хатында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру