Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарға арналған «Зейін» оқырмандар клубы ашылды

muftyat.kz 13.01.2020 3192 0 пікір
Жастарға арналған «Зейін» оқырмандар клубы ашылды

11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кітапханасында «Жастар ісі секторы» және «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Ruhani jastar» жастар ұйымы, «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Зейін» оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті.

Клубтың негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге жас ұрпақтың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, рухани иммунитетін қалыптастыру – клубтың басты міндеттері.

Клубтың алғашқы жиынында белгілі блогер, спорт журналисі Назерке Сұлтанбек қонақ болып, кітап оқудың маңыздылығы жайлы әңгіме өрбітті. Бұдан бөлек жастарға арнап «Кітап оқу инсайттары» деген тақырыпта шағын мастер-класс өтті. Кездесу соңында жастар көкейінде жүрген сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Бұдан былай «Зейін» клубының отырысы әр жексенбі ҚМДБ кітапханасында өтпек. Зейініңіз ашылсын десеңіз «Зейін» қатарына қосылыңыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру