2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры мен облыс, қала имамдарының ұйытқы болуымен 26 630 балаға мектеп сөмкесі берілді. Бұл туралы ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров хабарлады.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға мектеп сөмкесі, киім-кешек, оқу құралдары үлестірілді. Сонымен қатар, оларға қаржылай да көмек көрсетілді. Мақсатымыз – ел болашағы саналатын балалардың жақсы білім алуына мүмкіндік жасап, мемлекеттік игі бастамаларға үлес қосу. «Мектепке жол» – ҚМДБ тарапынан жыл сайын жүзеге асатын дәстүрлі игі шара» дейді Талғат Сейіткәрімұлы.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
https://www.muftyat.kz/
30.12.2019
3896
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру