Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

271 МЕШІТКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 30.12.2019 3506 0 пікір
271 МЕШІТКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

2019 жылы 271 мешіт күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Іс басқарушысы Ербосын Орын хабарлады.

«2019 жылы елімізде 271 мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Игі шараға мешіт жамағаты мен демеуші азаматтар үлес қосты. Осы ретте сауапты іске атсалысқан барша азаматқа Алла разы болсын айтамын. ҚМДБ құрылғанына 30 жыл толу меретойы аясында тағы 30 мешітке жүрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарға енгізілді» дейді Ербосын Орын.

Айта кетсек, бүгінде елімізде мешіт салу көрсеткіші 0,67 пайызға артты. Қазір республика бойынша, жалпы мешіт саны – 2 691. Қазір республика бойынша 166 Алла үйі салынуда.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру