Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: БАС ИМАМДАР 19 БАҒЫТ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 05.12.2019 1415 0 пікір
ҚМДБ: БАС ИМАМДАР 19 БАҒЫТ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ (ФОТО)

Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде қала, облыс, өңір бас имамдары 19 бағыт бойынша есеп берді.

Пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадр даярлау, мешіт істері, қажылық, қайырымдылық, діни кеңес беру, баспасөз, жастармен жұмыс, халал стандарттау, қыз-келіншектер секторы, т.б. бағыттар бойынша бас имамдардың есебі тыңдалды. Есеп беру жұмысы слайд, бейнеролик, кесте бойынша жүзеге асты.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 2019 жылы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Жамбыл, Павлодар облыстары, Талдықорған өңірі бас имамдарына алғыс айтты. Алғашқы бестікке ілінген облыстардың жұмысы жоғары баллға ие болды. Ал орта және төмен нәтиже көрсеткен облыстың бас имамдарына Бас мүфти бірқатар тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі