Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИДІҢ КЕҢЕСШІСІ "ӘБУ ХАНИФА" МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ

www.muftyat.kz 31.10.2019 3582 0 пікір
БАС МҮФТИДІҢ КЕҢЕСШІСІ "ӘБУ ХАНИФА" МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ

Бүгін ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Мекежанов Балтабай Уажитұлы "Әбу Ханифа" медресе-колледжінің ұстаздары  және шәкірттерімен кездесті.

Кездесу барысында "Әбу Ханифа" медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет арнайы келген қонақты медресе ұстаздары мен шәкірттеріне таныстырды. Балтабай Уажитұлы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді. Өзінің қызмет жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, шәкірттерге ілім жолында табандылық танытып, білікті де білімді маман болуға кеңес берді. Кездесу барысында шәкірттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Болашақта олардың ұсыныстары қарастырылатынын да айтты.

Сонымен қатар, "Әбу Ханифа" медресе-колледжінің сыныптары мен жатақханасын, демалатын орындарын аралап, медресе-колледжі ұжымының атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. Осындай жауапты да сауапты жолда еңбек етіп жатқан ұстаздар мен шәкірттерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру