Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС ИМАМ УФАДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 31.10.2019 3687 0 пікір
БАС ИМАМ УФАДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Ресей Федерациясының Уфа қаласында «ХХІ ғасырдағы исламның ғылым кеңістігіндегі құндылықтары» атты ХІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  

Әр елдің дін өкілдері мен 400-ден аса қатысушы жиналған іс-шара Башқұртстанның мемлекет басшысы Радий Хабиров және Бас мүфти Талғат Сафа Таджуиддин мырзаның құттықтауымен ашылды.

Келелі басқосуда сөз алған құрметті қонақтар асыл дінімізді бүгінгі заманауи тұрғыда зерделеп, діннің қоғам өміріндегі бағыттарын сөз етті. Ислам дінінің бейбітшілік пен келісімнің ұлы қағидаттарын сақтай отырып, әлемде өзара түсіністік пен ортақ келісімді мақсат ететіндігін дәйектермен жеткізді.

Келелі конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысты. Бас имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ықыласты сәлемі мен құттықтауын жеткізіп, Ислам дінінің толеранттылық, достық пен бауырластық идеялары жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ, бас имам Қазақ еліндегі бейбітшілік пен келісім туралы баяндап, мүфтият жұмысын тілге тиек етті. Сонымен қатар, дінді саяси құралға айналдырғысы келетін топтардың жымысқы әрекетін әшкереледі. Дін жетекшілерін Ислам құндылықтарын ғылым-біліммен сабақтастырып насихаттауға шақырды.

Сапар барысында Өмірзақ қажы Қазкенұлы ресейлік әріптестермен сұхбаттасып, руханият жайында әңгіме өрбітіп, жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру