Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Мұстафин ауылының имамы Сайлау Әмірқожаұлы форум туралы пікір білдірді.
«ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысып шықтым. Елдің арасында жүрген соң діни рәсімдердің әркелкі өтетінін өзіміз де көріп жүрміз. Діни басқарма осы рәсімдерді бір ізге түсіру жолында үлкен іс атқарды. Баланың дүние есігін ашып, азан шақырудан басталған рәсім сауат ашу, неке қию, бата беру, дүниеден өткен кісіні жерлеу сынды амалдарды қамтыған. Бұл – имамдарға да, елге де түсінікті болатын құнды құжат.
Екінші құжатта дін қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері айқын көрсетілген екен. Бұрын «имам мен молданың қызметі қайсы, азаншының міндеті қандай?» деген сауалдар мазалайтын. Құжатта бұл мәселе тайға таңба басқандай етіп жазылған.
Ал «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы» дәл қазіргі қоғамға қажетті тәлімді дүние болыпты. Руханият көшінен қалмайық десек, дәл осы қағидаларды қатаң ұстануымыз керек. Жетпістен ассақ та шәкірттерге, жамағатқа қашан да көркем-мінез, адалдық, әділеттілік, еңбекқорлық сынды құндылықтарды айтудан жалыққан емеспіз.
Бұл өз кезегінде тұлға болып қалыптасам деген талай жанға рухани азық болары сөзсіз. Біздің ендігі міндетіміз – осынау жиында қабылдан құжаттарды кеңінен насихаттап, сапалы қызмет ету. Алла осы игі бастамалардың берекесін берсін деп тілеймін», – дейді ауыл имамы Сайлау Әмірқожаұлы.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2019
4371
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру