Елорда төрінде өтіп жатқан ІІІМ республикалық имамдар форумында сөз алған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов мүфтияттың қоғамдағы орны мен рөлін айрықша атап өтті.
«Бүгінгі Форум Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастырушылық-ағартушылық қызметін жаңа бір белеске көтеріп, дін саласындағы жаңа бастамаларға тың рухани серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – елімізде халықтың көңілінен шығатын иманды әрекеттерге ұйытқы болып, қоғамда өз орнын таба білді.
Бүгінгі мешіт имамдарының халық арасында жүргізетін ауқымды істері Қазақстан мұсылмандарының рухани сұранысына қалтқысыз қызмет етудің жарқын көрінісіне айналды.
Сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен келісімді, татулық пен бейбітшілікті нығайтуға да аянбай үлестерін қосуда», – деп атап өтті Ерлан Жақанұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
23.10.2019
5015
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру