Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 27.09.2019 4299 0 пікір
ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

Алматы қаласында апта басында басталған «Діни пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» атты 4 күндік семинар өз мәресіне жетті.

Бүгін семинарға қатысқан әр аймақтан келген 30-дан астам медресе-колледж ұстаздарына сертификат табыстау рәсімі өтті. Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы және «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстаздары, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов пен Руслан Қамбаров ұстаздарға сертификатты ресми түрде табыстады.

Семинар жұмысын қорытындылаған Мұрат Манапұлы:

«Құрметті ұстаздар, 4 күн ішінде маңызды тақырыптарда дәріс тыңдадыңыздар. Алған ілімдеріңізді шәкірттердің ой-санасына жеткізіп, тәптіштеп түсіндіріп бересіздер деген сенімдемін», – деп атап өтті.

Өз кезегінде медресе-колледж ұстаздары семинардан мол тағылым алғанын айтып, ұйымдастыру комитетіне алғысын жеткізді. Сонымен қатар игі шараның алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырыла беруіне тілеулестік білдірді.

Айта кетсек, республикалық семинардың ұйымдастырушысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО).

4 күндік семинарда «Нұр-Мүбәрак» университетінің докторанты, ұстаз, «Нұр-Мүбәрак» университеті мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаров пен «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов дәріс берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру