Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында медресе ұстаздарына арналған «Діни пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында 4 күндік семинар басталды. Республикалық семинардың ұйымдастырушысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО).
Семинарды ұйымдастыру жұмыстарының жетекшісі, ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы игі шараның ашылу салтанатында дәріс оқитын теолог-ғалымдарды таныстырып, 4 күндік тренингтің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, медресе ұстаздарын ғалымдардың дәрісін мұқият тыңдап, алған сабақты тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға шақырды. Одан кейін сөз алған ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы дәріс кезінде ақпараттық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп өтті.
4 күндік семинарда «Нұр-Мүбәрак» университетінің докторанты, ұстаз, «Нұр-Мүбәрак» университеті мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаров пен «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов дәріс береді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
24.09.2019
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру