Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Bakery master» ЖШС мекемесі «Халал» сертификатына ие болды

ҚМДБ Халал бөлімі www.muftyat.kz 23.09.2019 4072 0 пікір
«Bakery master» ЖШС мекемесі «Халал» сертификатына ие болды

Бүгінгі таңда фаст-фуд өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артуда. Әсіресе, қашан да уақыты тығыз жастар үшін, студенттер үшін өте қолайлы тағам түрі екені рас. Ескеретіні, фас-фуд өнімдерінің халалдығына, тағамдық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, құрамындағы тағамдық қоспаларының барынша эко, яғни табиғи болуына мән берген дұрыс.

Себебі фас-фуд өнімдері жоғарыдағы талаптарға сай келмеген жағдайда, жүрек-қан тамырлары ауруларына, семіздікке, асқазан-ішек ауруларына шалдықтыруы мүмкін.

Осы тұста «уақыты тығыз» фаст-фуд өнімдерін тұтынушы жастарымыз үшін жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді.

Ағымдағы жылдың шілде айында ҚМДБ «Халал» сертификатын алуға өтініш білдірген «Bakery master» ЖШС мекемесі 20.09 күні ҚМДБ «Халал Даму» ұйымы тарапынан «Халал» сертификатына ие болды. 2 ай көлемінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде, өнімге қосылатын шикізаттардың стандарттарға сай екендігін, цех санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес екендігін мәлімдейміз.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ж.Омарова көшесі, 111.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру