ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры өңірлердегі өкілдіктерімен және өкіл имамдармен біріге отыра, «Мектепке жол» акциясы аясында республика бойынша 7 835 балаға оқу құрал-жабдықтары салынған мектеп сөмкелері мен мектеп формаларын таратты, сондай-ақ қаржылай көмек те көрсетілді. Олардың қатарында көпбалалы жəне мұқтаж отбасылардың балалары, арнайы балаларға қамқорлық танытатын бірлестік жəне ұйымдарының балалары да бар. Мысалы, Түркістан облысы бойынша 3502 оқушыға көмек көрсетілсе, Жамбыл облысында 1050 балаға оқуына қажетті құрал-жабдықтары таратылды.
Еске сала кетсек, «Мектепке жол» акциясы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жыл сайын еліміз бойынша мыңдаған балалар мен олардың ата-аналарын қуантуда. Мектепке дайындық маусымында ұйымдастырылып жатқан игі акция қыркүйек айында да өз жалғасын таба бермек.
Балалардың сапалы білім алып, асыл дініміздің, тəуелсіз еліміздің мықты жанашырлары болуына тілектес болып, сауапты іс-шараға ат салысып жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын!





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
28.08.2019
4139
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру