Әр мұсылман баласына адал ас талап ету - міндет. Осыған байланысты Қасиетті Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Біз ризықтандырған (адал) тағамдарды жеңдер. Алла тағалаға шүкіршілік етіңдер. Оған ғана құлшылық етіңдер», («Бақара» сүресі, 172-аят), – делінген.
Бүгінгі таңда халал индустрия жақсы беталыспен дамуда. Оның ішінде ет бағыты үлкен сұранысқа ие. Осы тұста білікті қасапшылардың атқарар рөлі айрықша. Аталмыш бағыттың дамуына, бірізділікке түсуіне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының еңбегін атап өтпеуге болмас.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, биылғы Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында да еліміздің түкпір-түкпірінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» - атты семинар-тренингтер өткізілді. Семинарға 200-ге жуық ерікті тыңдаушылар қатысып, қасапшылықтың қыр-сырымен танысты.
Жалпы ҚМДБ «Халал Даму» ұйымы үшін қасапшылық - әр кез актуалды мәселе. 2015 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін 300-ден астам қасапшы «Халал Даму» ЖШС атынан арнайы сертификатқа және куәлік пен мөрге ие болған. Арнайы оқытылған қасапшылар мал союдың шариғатымыз қойған талаптарын терең меңгеріп қана қоймай, малды сойылғанға дейін жемдеу, малды сойяр алдын тыныштандыру, гуманды тәсілмен малды бауыздау сияқты қасапшылықтың нәзік тұстарын қамтып өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
27.08.2019
3624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру