Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада «Зекет» қоры Түркия елшілігімен бірігіп 170 мұқтаж отбасыға мереке сыйлады

www.muftyat.kz 21.08.2019 3140 0 пікір
Елордада «Зекет» қоры Түркия елшілігімен бірігіп 170 мұқтаж отбасыға мереке сыйлады

Мұсылмандардың ең қасиетті, ұлық мерекесінің бір ерекше тұсы – құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.

Осылайша ҚМДБ «Зекет» қоры Түркия елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшілігімен біріге отыра, Құрбан айттың екінші күні елордада 170 мұқтаж отбасыға құрбандық еттерін таратты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратының алдында жиналған жамағатты қасиетті мерекемен «Зекет» қорының мамандарымен бірге бауырлас халықтың өкілдері де құттықтады. Түркия Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын сөз сөйлеп, түрік елінің ыстық лебізін жеткізді.

Етпен жәрдем берілген жанұялардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар мен қарттар да бар.

Ал айттың бірінші күні «Зекет» қайырымдылық қоры жиырмадан астам мұқтаж отбасыға кұрбандық етін үлестірген болатын.

Жалпы мерекенің екі күнінде «Зекет» қоры 200-ден астам отбасыға құрбандық етін таратып, қайырымдылық көмек көрсетті.

Барша мұсылман бауырларымыздың Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарының әр қылына молынан сауаптан жазылсын деп тілейміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру