Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысынан келген біртоп мешіт жамағатымен жүздесті.
Кездесуге ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, мүфтият қызметкерлері қатысты.
Еркін басқосуда Бас мүфти бір мәзһабты ұстанудың хикметі, қазіргі мұсылман жамағатының бірлігі, отбасы құндылығы, діни алауыздықтың зардабы, діни сенім туралы заңның талаптары мен міндеттері, мүфтияттың діни ұстанымы мен жолы туралы әңгімелеп берді.
Кездесу барысында жиналған жамағат көкейде жүрген сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Басқосу соңында Бас мүфти ҚМДБ-ның «Отбасым» сериясымен шыққан бірнеше кітапты сыйға берді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
19.08.2019
3847
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру