Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛДЕН КЕЛГЕН УАҒЫЗШЫ ИМАМДАРҒА АЙТТЫҚ БЕРІЛДІ

www.muftyat.kz 14.08.2019 3816 0 пікір
ЕЛДЕН КЕЛГЕН УАҒЫЗШЫ ИМАМДАРҒА АЙТТЫҚ БЕРІЛДІ

Бүгін ҚМДБ жанынан құрылған қажылық миссиясы елден келген уағызшы имамдарға айттық таратты.

Мұсылманның ұлық мерекесіне арнап Меккеде дастархан жайылып, бәрінің басы қосылған алқалы жиын болды.

Алғаш сөз алған Миссия төрағасы Алау Шайқымұлы келіп жеткен айтулы мейраммен құттықтап, Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізді.

Сондай- ақ қажылық кезінде атқарған жұмыстарына жоғары баға берді. Білікті имамдар да өз кезегінде Миссия ұжымына алғыстарын жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру