ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров «Қазақстан» және «Хабар» ұлттық телеарналарына сұхбат берді. Сұхбат барысында Талғат Сейіткәрімұлы «Зекет» қорының жемісті жұмыстары мен игі бастамаларына тоқталды.
«Биылғы Рамазан елімізде қайырымды жандардың саны артып келе жатқандығын көрсетті. Егер 2018 жылы «Зекет» қоры өңірлердегі өкілдіктерімен біріге отыра, республика бойынша 288 миллион теңге мөлшерінде қайырымыдылық көмек көрсеткен болса, биыл 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде көрсеткіш 453 миллион теңгеге жетіп тұр. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек және қаржылай көмек түрлері де бар. 2018 жылы республика бойынша 25 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 5 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз еткен болатынбыз. Мүгедек балаларға емдеу-оңалту шараларына қажетті қаражат берілді», – деп атап өтті Талғат Омаров.
Сондай-ақ, «Зекет» қорының бас маманы Нұркен Ділмұхан Асыл Арнаға сұхбат берді. Құрбан шалу, зекет пен садақаның маңыздылығы мен оның сауабы жайлы айта отырып, «Зекет» қорының жұмысын баяндады.
«Құрбан айт ұлық мереке болғандықтан, бұл күні мұқтаж жандарды қуанту мақсатында, «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында бірнеше баспана мұқтаж отбасыларға табысталуға дайын тұр. Алла қаласа, айт мерекесі күндері кезекті 116 және 117-баспана кілттері баспанаға аса зәру отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, бұл күндері мұқтаж отбасыларға құрбандық еттері мен азық-түліктер таратылатын болады», - деп Нұркен Ділмұхан қордың алдағы жоспарларымен бөлісті.
2011 жылы ашылған ҚМДБ «Зекет» қорының мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап көмекке аса зәру жеке тұлғаларды әлеуметтік қолдау, Исламның лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету, т.б.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
09.08.2019
3745
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру