Бүгін қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Сапаржай мен ескі темір жол маңынан жаңа мешіт ашылды. Жаңа мешітке «Рахымқызы Раиса ана» деген атау берілді. Бұл елордада есігін айқара ашқан 11-ші мешіт. Жеке мердігердің көмегімен салынған құлшылық орнының ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысып, жиылған жұртшылыққа мешіт салудың сауабына тоқталды.
Айта кетейік, бас қаланың оң жағалауында бой көтерген жаңа мешітке бір мезетте 1500-2000 адам еркін сыйып, құлшылығын өтей алады. Сондай-ақ, мешіт жанынан ас беруге, Рамазан айында ауызашар беруге ыңғайлы асхана да ашылды. Ал жұма уағызы мен құтбаны ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру